Өз мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу, пікір алмасу, ой талқылау міндеттерін алға қойған конференция жұмысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, бастауыш, негізгі және орта мектептер мен колледждердегі жүргізіліп отырған ғылыми-зерттеушілік әрекеттің 4 бағыты бойынша қарастырылды. Конференцияға қатысушылар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша түйінді мәселелерді, осы жұмыстың даму бағыттарын және бұл бағыттағы шешімі табылмаған мәселелерді түбегейлі талдай отырып, мақсатқа жетуге ұмтылды.
Семинарға Астана, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары филиалдарының ғалымдары, аға оқытушылары, ДБО «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша тренерлері, «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» курсы бойынша республикалық деңгейде сертификатталған мұғалімдер, филиалдың жауапты қызметкерлері қатысты.
Республикалық конференция негізгі 4 бағыт бойынша жүргізілді:
1.«Өзін-өзі тану» сабақтарын жоспарлаудың озық тәжірибесі;
2. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу пәндерінің мазмұнына интеграциялау;
3. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
4. Бағдарламаның түйінді идеяларын ата-аналармен жұмыс аясында қолдау;
Сүйіспеншілік педагогикасы – білім берудегі жалпыадамзаттық құндылықтарды рухани жаңғыртудың негізі
Республикалық конференция негізгі 4 бағыт бойынша жүргізілді:
1.«Өзін-өзі тану» сабақтарын жоспарлаудың озық тәжірибесі;
2. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу пәндерінің мазмұнына интеграциялау;
3. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
4. Бағдарламаның түйінді идеяларын ата-аналармен жұмыс аясында қолдау;
Автор | |
---|---|
Язык | |
Год | 2018 |
Customer Reviews
There are no reviews yet.
Be the first to review “Сүйіспеншілік педагогикасы – білім берудегі жалпыадамзаттық құндылықтарды рухани жаңғыртудың негізі”