-
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жоспарлау.
Әдістемелік нұсқаулықта ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеудегі мұғалімнің кәсіби құзыретін дамытудың теориялық-тәжірибелік аспектілері қарастырылған. Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үй жағдайында оқыту процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесі талданды.
Әдістемелік нұсқаулық жалпы білім беретін мектептің пән мұғалімдеріне арналған. -
Дамытушы ойындарды балабақшада пайдалануға бағытталған тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту: әдістемелік құрал
Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымға қатысты отандық және шетелдік инновациялық технологиялар мен әдістемелер авторларының дамытушы ойындарын тәжірибеге ендіру арқылы әдіскерлер мен тәрбиешілердің құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Дамытушы ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде түрлі жас ерекшелік топтарында қолдануға болады.
Әдістемелік құрал біліктілікті арттыру институтының оқытушыларына, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған.