-
«Жаһандану жағдайында білім алушыларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу аспектілері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы
Жинақта ұлттық мәдениет, тіл, салт – дәстүр, рухани мұралар және олардың жаһандық ықпал аясында сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.Сонымен қатар, ұлттық тәрбие беру саласындағы жаңа әдістер мен тәжірибелерді бөлісу, білім беру мен қоғамдық санада ұлттық рухани құндылықтарды нығайту жолдарын іздестіру мақсаты көзделеді.
-
Еңбекке баулу арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу
Жинаққа енгізілген оқу материалдары құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалар пәнаралық байланыста бола отырып, iс-әрекеттiк тәжірибеге бағдарлау негiзiнде пәндiк бiлiмдi жүйелеуге мүмкiндiк туғызады. Ұсынылып отырған әдістемелік құрал оқу үдерісін ұйымдастыруда мұғалімдерге практикалық жағынан көмекші құрал бола алады.