-
Қызықты химия тәжірибелері
Әдістемелік құралда химия үйірмелерінде немесе белгілі бір тақырыпқа арналған химия кештерінде көрсетуге болатын тәжірибелер жинақталған. Негізінен тек қажетті реактивтері оңай табылады-ау деген қарапайым тәжірибелерге көбірек көңіл бөлінген. Келтірілген тәжірибелердің көпшілігі орыс тілінде шыққан кітаптардан және Ресейдің «Химия в школе» журналынан алынды.
-
Қызықты химия = Занимательная химия
«Қызықты химия» элективті курсы химия сабақтарында алған білімдерін кеңейтуге, тереңдетуге ықпал етеді, тәжірибе жасау дағдыларын дамытады және бекітеді. Авторлық бағдарламадағы тақырыптар фактілерді және демонстрациялық химиялық экспериментті пайдалана отырып ұсынылған. Курстың модульдік құрылымы бар, оқушылар материалды оқу үшін әртүрлі схемаларды пайдалана алады.