-
Қазақстанның Жаңа заман тарихы: XVIII ғасырдан XX ғасырдың басына дейін
Бағдарлама қазақ жеріндегі XVIII ғасырдағы саяси жағдайлардан бастап, XX ғасырдың басындағы Қазақстанда болған негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді қамтиды. Бағдарлама Қазақстанның сол кезеңдегі тарихи дамуын, күрделі саяси, әлеуметтік, экономикалық оқиғаларын түсініп, сараптай алатын білім береді.
-
Тарих және жаһандану: жаңа талаптар мен мүмкіндіктер
Бағдарлама тарихи оқиғаларды және жаһандану үрдістерін зерттеуге бағытталған. Қазіргі заманғы әлемдегі тарихи процестерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және оның қатысушыларына жаһандану мен тарихтың өзара байланысын түсінуге арналған теориялық және практикалық білім береді. Курс соңында қатысушылар жаһандану мен тарихтың өзара байланысын толыққанды түсініп, әлемдік тарихтағы маңызды оқиғалар мен үрдістерді сараптай алады, заманауи жаһандық мәселелерді тарихи контексте талдай алады, тарихи әдістемелерді заманауи тұрғыда қолдануға дайын болады.