-
Химия есептеулері мен жаттығулары
Бағдарламада орта мектептердің негізгі химия курсында толық қарастырылмаған немесе мүлде қарастырылмаған, бірақ жоғары оқу орындарына түсу емтихандарының бағдарламаларына енгізілген мәселелерге баса назар аударылды. Бұл курстың ерекшелігі 10-сыныпта органикалық химия курсын оқумен қатар сабақ жүргізеді. Курс бағдарламасы органикалық, жалпы және бейорганикалық химияның негізгі мәселелерін нақтылау және оқушылардың жалпы дамуы үшін қажетті химия бойынша білімді айтарлықтай тереңдетуге және кеңейтуге қызмет етеді.
-
Реакция жылдамдығы мен тепе-теңдік
Бағдарламаның мазмұны оқушыларды тепе-теңдік тұрақтысын есептеу (құрамдық коэффициенттер мен концентрациялардан), тепе-теңдіктің өзгеруіне әсер ететін сыртқы факторларды анықтау, Ле-Шателье принципін пайдалану арқылы реакция бағытын анықтау сияқты есептеу тапсырмаларын қамтиды. Химиялық реакция жылдамдығы, оған әсер ететін факторлар, тепе-теңдік секілді материалдармен таныстырып, олардың теңдеулерін жазу, сипаттамаларын білу, химиялық реакциялардың өту шарттары мен механизмдерін түсіндіруді көздейді.