Корганбаева А.К., Жарылғасынова А.Т. «Қазақ тілі пәні бойынша функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар жинағы» әдістемелік құралы. Орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған әдістемелік құрал.- Ақтау, 2026.- 30 б.

Жинақтағы тапсырмалар білім алушылардың оқу дағдыларын жетілдіруге, функционалдық сауаттылығын арттыруға және халықаралық зерттеулер талаптарына сәйкес құзыреттерін дамытуға бағытталған.

Әдістемелік жинақ қазақ тілі пәні мұғалімдеріне оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды сабақ үдерісіне кіріктіруге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әзірленді.