Жинақта Қазақ Орда ханы, мемлекет қайраткері Абылай ханның туғанына 310 жыл толуына арналған «Көрнекі тұлға және оның тарихқа қосқан үлесі: тұлғатану ұстанымдары тарихи білім беруде» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн
конференцияcына қатысушылардың материалдары енгізілді. Конференцияның өзектілігі: тұлғатану бойынша инновациялық педагогикалық тәжірибені жүйелеу; педагогикалық теориялар мен тәжірибелердің тұлғатану бойынша жаңа тәсілдерін енгізу; әлемдік білім беру кеңістігінің даму ағымдарын тиімді оқыту мен оқуға кіріктіру болып табылады. Мұнда педагогтардың шығармашылық және инновациялық іс-әрекетін қолдау; кәсіби жетілуін ынталандыру; тұлғатануда қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану бағытындағы педагогикалық іс-тәжірибені таратудың инновациялық кеңістігін құру, қалыптастыру, орнықтыру бойынша республика ұстаздарының озық педагогикалық тәжірибелері жинақталған. Біліктілік арттыру жүйесінің, жоғарғы оқу, негізгі орта, техникалық және кәсіптік білім беру, қосымша және жалпы білім беретін орта мектептің барлық пәндерін оқытуда барлық пән мұғалімдеріне арналады.
«Көрнекі тұлға және оның тарихқа қосқан үлесі: тұлғатану ұстанымдары тарихи білім беруде» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция жинағы
Автор | |
---|---|
Язык | |
Год | 2023 |
Customer Reviews
There are no reviews yet.
Be the first to review “«Көрнекі тұлға және оның тарихқа қосқан үлесі: тұлғатану ұстанымдары тарихи білім беруде» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция жинағы”