-
Математика практикумы
Бағдарлама теориялық материалды кеңейтілген блоктар бойынша тереңдетіп оқытуды негізге алады. Бағдарлама мазмұны емтиханға, ҰБТ-ға тыңғылықты дайындалғысы келетін жалпы білім беретін сынып оқушыларына арналған. Оқып-үйренуде жалпы орта білім беретін мектеп бағдарламасынан тыс жоғары деңгейдегі міндеттер жүзеге асырылады. Оқушылар жалпы мектеп бағдарламасында қамтылмайтын (алайда ҰБТда кездесетін) жоғары математиканың көптеген негізгі ұғымдарымен, кейбір есептерді шығарудың жаңа әдіс-тәсілдерімен танысады.
-
Жасанды интеллект жүйелері
Әдістемелік құралда жасанды интеллект ұғымы, оқу процесінде жасанды интеллект қолданылу бағыттары, жасанды интеллект арқылы оқыту, бағалау әдістері және интерактивті платформаларды практикада қолдану тәжірибелері жинақталған.