Бұл жинақ математика пәні бойынша білім алушылардың функционалдық
сауаттылығын дамытуға арналған мәнмәтіндік (контекстік) тапсырмалар жүйесін
қамтиды. Жинақтағы тапсырмалар халықаралық PISA және TIMSS зерттеулерінің
талаптарына сәйкес әзірленіп, оқушылардың теориялық білімдерін өмірлік
жағдаяттарда қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.









