Әдістемелік нұсқаулық жас маманға, бастауыш сынып мұғаліміне көмекші әдістемелік құрал ретінде жасалған. Оқу үдерісінде қазақ халқының ұлттық ойындарын жаңаша бағытта оқушылармен жүргізілетін әдіс-тәсіл ретінде қолдану бойынша нұсқаулықтар берілген. Әдістемелік нұсқаулық мұғалімдерге түсінікті, ыңғайлы, қарапайым, тиімді жолмен құрастырылған. Жас маман нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, өзі дәріс беретін сыныптың ерекшеліктеріне қарай, сыныптағы оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып ұсынылған ойындардың ұйымдастырылуын өз қалауынша өзгерте алады.
Be the first to review “Бастауыш сыныптарда ұлттық ойындарды тиімді қолдану жолдары”