-
Математика және логика
«Математика және логика» авторлық бағдарламасы 36 сағаттық күнтізбелік
тақырыптық жоспардан тұрады. Бағдарлама тақырыптары оқушылардың жас ерекшелігін
ескере отырып жасалған. Авторлық бағдарламаның мақсаты оқушылардың математика
пәніне деген білім мен дағдысын тереңдетуге, сандардың сырын ашуға, логикалық
есептердің мәнін түсініп, шығарылу жолын үйренуге, пәнге деген қызығушылығын
арттыруға, математикадан алған білімдерін өмірде қолдана алу дағдыларын қалыптастыруға,
адамгершілік құндылықтарды оқушы бойына сіңіруге бағытталған. Авторлық жұмыста
оқушылар сандар әлемімен толық танысып, сыни тұрғыдан ойлауды қарастыруға болатын
тапсырмаларды орындау дағдысы қалыптасып, метатанымы дамиды, математикадан терең
білім алуға мүмкіндік алады. -
1-4 сынып оқушыларына бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы (Математика).
Жиынтық бағалауға арналған жинақта 1-4 сыныптың «Математика» пәніненбөлім/ортақ тақырып және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған критерийлері, дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсынылған, білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Жинақта бөлім/ортақ тақырып бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының бөлім/ортақ тақырып, тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жинақ бастауыш сынып пәндерінің оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Жиынтық бағалау жинағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.