-
Қазақ тілі: тереңдетілген оқу
Бағдарлама оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, грамматикалық білімдерін тереңдету және шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. Бағдарлама мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне және оқу стандарттарына сәйкес, оқу барысында әдеби, публицистикалық және ақпараттық мәтіндермен жұмыс істеу, дебаттар мен пікірталастар ұйымдастыру, шығармашылық жұмыстар жазу, сондай-ақ сөйлеу мәдениетін жетілдіру жоспарланған.
-
«Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі пәнінен 5-6 сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» тақырыбындағы көмекші құрал
Дидактикалық көмекші құрал орыс тілді мектептердің қазақ тілі пәніне арналған. Оқу құралы оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына кең мүмкіндік береді. Дидактикалық құралда қазақ тілінің фонетика, лексика және морфология салалары бойынша тапсырмалар құрастырылған. Көмекші құрал орыс мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған.


