-
1-4 сынып оқушыларына бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы (Математика).
Жиынтық бағалауға арналған жинақта 1-4 сыныптың «Математика» пәніненбөлім/ортақ тақырып және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған критерийлері, дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсынылған, білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Жинақта бөлім/ортақ тақырып бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының бөлім/ортақ тақырып, тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жинақ бастауыш сынып пәндерінің оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Жиынтық бағалау жинағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған. -
Бастауыш сыныпта оқытудың педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдері. Әдістемелік нұсқау.
Әдістемелік нұсқауда бастауыш сыныпта оқытудың педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылады. Ұсынылып отырған нұсқау бастауыш ұстаздарына пәндерді оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде кеңінен қолдануға, педагогикалық шеберлігін жетілдіруге бағытталған
Әдістемелік нұсқау жалпы білім беретін бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.