-
Тарих сабағында дереккөздерді талдауда саралау тапсырмаларын тиімді қолдану
Әдістемелік құралда тарих сабағында оқушыларды саралап оқытуды жүзеге асырудың әдістемелік аспектілері, сынып ішілік саралауды жүзеге асырудың әдістемелік ерекшеліктері, пәнді оқытудағы саралау тәсілдерінің тиімділігі, жазбаша дереккөздермен жұмысты ұйымдастыру арқылы тарих сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту жолдары қарастырылған. Сонымен қатар, «Тарихи дереккөздермен қалай жұмыс жасау керек» жадынамасы берілген.
-
Химия және өмір
Бағдарлама оқушыларға химия пәнінің негізгі курсын толық және табысты меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушылардың қоршаған ортада болып жатқан химиялық процестердің ерекшеліктеріне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
«Химия және өмір» үйірмесі күнделікті өмірде қолданылып жүрген заттармен танысып, қолдану ережелерін біліп, іске асыру болып табылады. Құрастырылып отырған үйірме бағдарламасы тұрмыстық негіздегі тақырыптарды тереңдете меңгерте отырып, химиялық заттарды дұрыс пайдалану жолдарын үйретуге негізделген.