-
Хабаршы Вестник 2024-№4-журнал
«Хабаршы Вестник» республикалық ғылыми – әдістемелік журнал. Журналға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2013 жылы мамырдың 30-да тіркеліп, №13648-Ж куәлігі берілген.Журналға педагогикалық ғылыми – әдістемелік бағыттағы мақалалар жарияланады. Мақалалар негізінен «Ұлт мақтанышы», «Кәсіби біліктілік», «Мектепке дейінгі білім беру», «Педагогтік зерттеулер», «Оқыту технологиялары», «Әдістемелік қоржынға», «Сабақ жоспарлары, сценарийлер» т.б. айдарлары бойынша топтастырылып, жарияланды.
-
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру және дамыту» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары жинағы
Жинақтағы баяндамалар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру және дамыту, оқытудың заманауи технологиялары мен құралдарын қолдану, қашықтан оқытуды жүзеге асыру мәселелерін қамтиды. Жинақ білім беру мекемелерінің педагогтеріне арналған. Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған.