-
Әл-Фараби тағылымы кәсіби-педагогикалық дүниетанымды дамытудың әдіснамалық негізі ретінде
Жинақ біліктілік арттыру саласын ұйымдастырушы әдіскер мамандарға, оқытушыларға, мұғалімдерге, жалпы оқыту-тәрбиелеу ісімен айналысуға бел байлаған барша азаматтарға арналған.
-
Оқу сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегиялар
Оқу сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегиялар : әдістемелік ұсыныстар / Г.Ж.Сұлтанғазина, Г.С. Жусупова. – Қостанай: Қостанай облысы бойынша Өрлеу. – 2015, 58 бет. – ISBN 978-601-7789-86-2
Әдістемелік ұсыныстар мазмұны оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығы саласындағы дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін, PISA бағдарламасы аясындағы оқу сауаттылығы саласындағы талдау және мәселелерді табысты шешу үшін қажетті дағдылықтар мен стратегияларды анықтау және оқу, талдау және мәселелерді шешу сұрақтары мен стратегияларын ұғынуға мүмкіндік туғызудағы әдістемелік ойлардан тұрады.
Бұл әдістемелік ұсыныстар жалпы білім беретін мектептердегі пән мұғалімдеріне, біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына тәжірибе алмасу мақсатында ұсынылады.