-
«ШҚО Педагогика жаршысы – Педагогический вестник ВКО» – №2(100) 2022
«ШҚО Педагогика жаршысы – Педагогический вестник ВКО» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. Журнал 2001 жылдың маусым айынан бастап шығады. Негізгі бағыты – біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі туралы, педагогикалық ұжымдар мен алдыңғы қатарлы мұғалімдердің үздік тәжірибелерін насихаттау, кәсіби деңгейді арттыруда көмек көрсету, және т.б. Журналға педагогикалық ғылыми-әдістемелік бағыттағы мақалалар жарияланады. Шығу жиілігі – екі айда 1 рет.
-
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жоспарлау.
Әдістемелік нұсқаулықта ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеудегі мұғалімнің кәсіби құзыретін дамытудың теориялық-тәжірибелік аспектілері қарастырылған. Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үй жағдайында оқыту процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесі талданды.
Әдістемелік нұсқаулық жалпы білім беретін мектептің пән мұғалімдеріне арналған.