-
ТАҢҒАЖАЙЫП КУБИК: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛ
Бұл әдістемелік ұсынымда бастауыш сыныптағы қазақ тілі мен математика пәндерінде білім алушылардың оқу белсенділігі және пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған «Таңғажайып кубик» дидактикалық құралдың мазмұны мен қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар беріледі. Әдістемелік ұсынымдар педагогтерге оқыту процесінде ойын технологиясының элементтері негізінде білім алушының функционалдық сауаттылығын, сыни және логикалық ойлау қабілетін, коммуникативтік дағдысын дамытуға ықпал етеді.
Практикалық тұрғыдан ұсынылып отырған кубик білім алушының танымдық әрекетін белсендіре отырып, қазақ тіліндегі тілдік нормаларды меңгеруге және математикалық амал-тәсілдерді қолдануға бағытталған тапсырмалар және ережелермен толықтырылған.
-
«4 СЫНЫПТЫҢ 1-ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ»
Берілген материалдар оқу бағдарламасына сәйкес келеді. «Қазақ тілі», «Математика», «Әдебиеттік оқу», «Жаратылыстану», «Дүниетану» пәндері бойынша бірінші жарты жылдық бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын жүргізуді көздейді. Ол білім алушылардың жетістіктеріне аралық мониторинг жүргізудің бір түрі және жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін ұсына отырып, жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кері байланыс болып табылады. Бұл жалпы білім беретін мектептің 4 – сынып оқушыларына арналған жиынтық бағалау тапсырмалар жинағы.


