Педагогика любви-основа духовной модернизации общечеловеческих ценностей в образовании

Республикалық конференция негізгі 4 бағыт бойынша жүргізілді:
1.«Өзін-өзі тану» сабақтарын жоспарлаудың озық тәжірибесі;
2. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу пәндерінің мазмұнына интеграциялау;
3. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
4. Бағдарламаның түйінді идеяларын ата-аналармен жұмыс аясында қолдану

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ 2018 жылғы іс-қимыл жоспарына сәйкес 2018 жылдың 16 қарашасы күні институт базасында «Сүйіспеншілік педагогикасы — білім берудегі жалпыадамзаттық құндылықтарды рухани жаңғыртудың негізі» тақырыбында он-лайн режимде республикалық конференция өткізілді.
Өз мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу, пікір алмасу, ой талқылау міндеттерін алға қойған конференция жұмысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, бастауыш, негізгі және орта мектептер мен колледждердегі жүргізіліп отырған ғылыми-зерттеушілік әрекеттің 4 бағыты бойынша қарастырылды. Конференцияға қатысушылар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша түйінді мәселелерді, осы жұмыстың даму бағыттарын және бұл бағыттағы шешімі табылмаған мәселелерді түбегейлі талдай отырып, мақсатқа жетуге ұмтылды.
Семинарға Астана, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары филиалдарының ғалымдары, аға оқытушылары, ДБО «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша тренерлері, «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» курсы бойынша республикалық деңгейде сертификатталған мұғалімдер, филиалдың жауапты қызметкерлері қатысты.
Республикалық конференция негізгі 4 бағыт бойынша жүргізілді:
1.«Өзін-өзі тану» сабақтарын жоспарлаудың озық тәжірибесі;
2. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу пәндерінің мазмұнына интеграциялау;
3. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру;
4. Бағдарламаның түйінді идеяларын ата-аналармен жұмыс аясында қолдану

Отзывы посетителей

Пока нету никаких отзывов

Будьте первым, кто оставит отзыв

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *