-
Жалынды жастар-жарқын болашақ
Жинаққа жастар жылына орай жас мамандардың шығармашылық әлеуетін өсіруге, сыни ойлау дағдысын жетілдіруге, тәжірибесін көрсетуге мүмкіндік жасаужәне шығармашыл тұлғаларды анықтау, озық идеяларды іздеу, эссе жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Жалынды жастар-жарқын болашақ» тақырыбында өткізілген облыстық эссе конкурсының материалдары жинақталған.
-
Рухани-адамгершілік білім – ізгілік бастауы
Əлемде қазіргі таңда орыналып отырған нақты жағдаят адамгершілік құндылықтар бағасының төмендеуін, басымдықтардың материалдық игіліктер жағына ауысып бара жатқанын дəлелдейді. Осы тұрғыда «Рухани-адамгершілік білім – ізгілік бастауы» тақырыбындағы эсселер жинағында қазіргі əлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығы, адамның үйлесімді дамуы, кемелденген мінез-құлықты адамның дамуы, мəңгілік жалпы адамзаттық құндылықтар, заманауи білім беру үдерісін ізгілендірудің маңыздылығы қарастырылған.