-
Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу
Кейсте мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету үшін жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан алдын алу, қауіп-қатерді болдырмау, қауіпті сәттерден сақтануына қатысты іс-тәжірибелер жинақталған. Қазіргі жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық жағдаяттары көптеп кездеседі. Осы жағдаяттардан шығудың және мектепте қауіпсіз білім беру ортасын құру мақсатында алдын-алудың негізгі теориялық және тәжірибелік бағыттары қамтылған. Теориялық бөлімде зорлық-зомбылықтың әр түрлі түрлерімен салдарына нақты түсініктемелерді берілсе, тәжірибелік бөлімінде жасөспірімдер арасында кездесетін зорлық–зомбылықтың жағдаяттарынан шығудың псиодиагностикалық, психокоррекциялық, психопрофилактикалық әдіс-тәсілдермен іс-шаралар жүйесін
ұсынған. -
Жасөспірімдердің суицидалдық мінез-құлқын алдын алу ерекшеліктері
Әдістемелік нұсқаулықта бүгінгі қоғам дерттерінің бірі суицидтің туралы түсінікпен психологиялық ерекшеліктері және оның алдын –алу мақсатында жүргізілетін қызметтер қамтылған. Әдістемелік нұсқаулық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының оқытушыларына, кәсіптік және техникалық білім беру және жалпы орта білім беру ұйымдарының психологтарына арналған.