Бұл жинақ «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудағы жаңаша көзқарас: функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары» атты облыстық семинар қорытындысы негізінде дайындалды. Жинаққа семинар барысында ұсынылған және сараптамадан өткен үздік әдістемелік материалдар, ғылыми-тәжірибелік мақалалар, шебер-сыныптардың мазмұны, коучинг пен панорамалық сабақ әзірлемелері енгізілді.
Жинақта оқу сауаттылығын арттырудағы пәнаралық интеграцияның мүмкіндіктері, оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға арналған функционалдық тапсырмаларды әзірлеу әдістері, мұғалімнің кәсіби дамуындағы кері байланыстың маңызы, сондай-ақ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарын функционалдық бағытта жобалау тәсілдері жан-жақты берілген.
Материалдар педагогтардың тәжірибесін толықтыруға, функционалдық сауаттылықты дамытудағы тиімді әдістерді меңгертуге және пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Жинақ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне, әдіскерлерге, педагогика ғылымы зерттеушілеріне және білім берудің заманауи үрдістерін зерделеушілерге арналған құнды әдістемелік ресурс болып табылады.










Be the first to review “«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢАША КӨЗҚАРАС: ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ» облыстық семинар жинағы”