«Бастауыш білім берудегі заманауи тәсілдер: функционалдық сауаттылық, зерттеушілік дағдылар және цифрлық құралдар» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияның материалдар жинағы

Іс-шара нәтижесінде қатысушылар тәжірибе алмасып, оқыту сапасын арттыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік ұсыныстар ұсынады.

Түйінді сөздер: бастауыш білім беру, функционалдық сауаттылық, зерттеушілік дағдылар, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, инновациялық оқыту.

«Бастауыш білім берудегі заманауи тәсілдер: функционалдық сауаттылық, зерттеушілік дағдылар және цифрлық құралдар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияның мақсаты – бастауыш білім берудегі өзекті мәселелерді талқылау, педагогтердің озық тәжірибесін тарату және заманауи оқыту тәсілдерін насихаттау.

Конференция аясында функционалдық сауаттылықты дамыту, зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті оқу үдерісіне тиімді кіріктіру мәселелері қарастырылады.