«Дарынды оқушы-ұлт болашағы» атты әдістемелік ұсынба Ақмола облысы Зеренді ауданы Шағалалы ауылының ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі Идеатова Алмагуль Карбаевнаның іс-тәжірибесі баяндалған. Мұғалім өз тәжірибесінен дарынды оқушылармен жұмысын, негізгі бөлімді 3 бөлімшеден тұратын әзірлемелерін ұсынған. Бірінші бөлімшені «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы…» деп атап, оқушылардың өздері шығарған өлеңдерін ұсынған. Екінші бөлімше «Эссе жаза білу-заман талабы». Бұл жерде эссе жазудың әдістерін үйрету туралы баяндап, шебер-сынып жоспарын ұсынады. Ал үшінші бөлімшеде «Суреттегі сыр» туралы.
Әдістемелік ұсынба білім беруде мұғалімдердің пәндік құзыреттіліктерін арттыруда жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру мен оқытуды ұйымдастыруға ықпалы зор. Әдістемелік ұсынба жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру әдіскерлері мен педагогтеріне арналған.
Be the first to review “Дарынды оқушы-ұлт болашағы”