-
«Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі пәнінен 5-6 сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» тақырыбындағы көмекші құрал
Дидактикалық көмекші құрал орыс тілді мектептердің қазақ тілі пәніне арналған. Оқу құралы оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына кең мүмкіндік береді. Дидактикалық құралда қазақ тілінің фонетика, лексика және морфология салалары бойынша тапсырмалар құрастырылған. Көмекші құрал орыс мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған.
-
Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесін үйренуге арналған оқу құралы
Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесін үйренуге арналған оқу құралы /құраст.: Р.М. Нуржанова – Қостанай: «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ, 2019.- 42 б. – ISBN 978-601-312-422-3
Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесін үйренуге әдістемелік нұсқаулық қазақ тілін үйрену барысында тіл үйренушінің басшылыққа алатын жағдайларын ескере отырып жазылған нұсқаулық. Латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесін үйреніп жаттығуда жаңа әліпбиді үйренушінің бойында қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағыттайтындықтан педагогтерден шығармашылық деңгейде жұмыс жасау қажеттігі туындайды. Ұсынылған әдістемелік құралда заманауи латын
графикасына негізделген қазақ тілі емлесін үйренуге сай тіл үйренушінің бойына рухани құндылықтарды сіңіруге орай назар аударатын жағдайлары қарастырылды.