-
Дамытушы ойындарды балабақшада пайдалануға бағытталған тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту: әдістемелік құрал
Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымға қатысты отандық және шетелдік инновациялық технологиялар мен әдістемелер авторларының дамытушы ойындарын тәжірибеге ендіру арқылы әдіскерлер мен тәрбиешілердің құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Дамытушы ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде түрлі жас ерекшелік топтарында қолдануға болады.
Әдістемелік құрал біліктілікті арттыру институтының оқытушыларына, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған. -
Балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық қабылдауын дамыту
Сөйлеудің дыбыстық құрылымын толыққанды меңгеру үшін фонематикалық қабылдаудың маңызы зор. Алуан түрлі әдебиеттік дереккөздерді талдау негізінде әртүрлі тілдік кемістіктері бар балалардың фонемаларды қабылдау және дыбыстау ақаулары салдарынан ана тілін дыбыстау жүйесін қалыптастыру үрдісінің бұзылуы анықталды.