-
Мектепке дейінгі жастағы балаларды оңтайлы дамытудың заманауи тәсілдерi. Әдістемелік нұсқаулық.
Әдістемелік нұсқаулықта мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытудың заманауи тәсілдері ұсынылдған. Педагогикалық үрдісте қолданылуы оңтайлы инновациялық технологиялар топтамасы жасалған және олардың дамытушылық маңызы негізделген. Әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған.
-
Сенсорика әлемі. Әдістемелік нұсқаулық.
Әдістемелік нұсқаулық тәжірибелік монтессори-педагогикасына негізделген. Әдістемелік нұсқаулықта көруді, тактильді сезімді, ауырлық сезімді, термикалық сезімді, дәм мен иіс сезімдерін, есту қабілетін дамытуға арналған материалдар мен сенсорлық жаттығулар тобы сипатталған.
Қазіргі көзқарас тұрғысынан мектепке дейінгі жастағы балаларға сенсорлық тәрбие берудің мазмұны, әдістері мен құралдары қарастырылады және талданады. Барлық классикалық монтессори-материалдары егжей-тегжейлі сипатталады, олармен жұмыс істеу әдістемесі жүйелі түрде баяндалады.
Әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары (меңгерушілері), әдіскерлері, тәрбиешілері мен педагогтеріне арналған.
ӘОЖ