-
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жоспарлау.
Әдістемелік нұсқаулықта ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеудегі мұғалімнің кәсіби құзыретін дамытудың теориялық-тәжірибелік аспектілері қарастырылған. Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үй жағдайында оқыту процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесі талданды.
Әдістемелік нұсқаулық жалпы білім беретін мектептің пән мұғалімдеріне арналған. -
Оқытуда саралау тәсілін қолдану: Әдістемелік нұсқаулық
Әдістемелік нұсқаулықта 5-6 сыныптарда Қазақ тілі мен Қазақ әдебиеті пәндерін оқыту үдерісінде қолдануға болатын саралаудың әдістері мен тәсілдері ұсынылған. Оқыту барысында саралау әдістері мен тәсілдерін қолдана отыра, оқушылардың әр түрлі ерекшеліктерін ескеріп, қажеттіліктерін қанағаттандыруға болатын тапсырмалар қарастырылған.