-
Химия және экология
«Химия және экология» авторлық бағдарламасы бейіндік дайындық аясында 9-сыныптағы химия курсының вариативті бөлігі ретінде химия пәні мұғалімдері үшін әзірленген және білім алушылардың химияны оқуға деген қызығушылықтарын дамытуға және экологиялық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған.
-
Қызықты химия тәжірибелері
Әдістемелік құралда химия үйірмелерінде немесе белгілі бір тақырыпқа арналған химия кештерінде көрсетуге болатын тәжірибелер жинақталған. Негізінен тек қажетті реактивтері оңай табылады-ау деген қарапайым тәжірибелерге көбірек көңіл бөлінген. Келтірілген тәжірибелердің көпшілігі орыс тілінде шыққан кітаптардан және Ресейдің «Химия в школе» журналынан алынды.