-
«Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық бағыттағы тәрбиелеу және оқыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру»
Әдістемелік нұсқаулықтың мазмұны мектепке дейінгі мекемелерде халықтық педагогиканы, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесіне арналған. Әдістемелік нұсқаулықта білімдік, танымдық, дамытушылық, рухани тәрбиелік мәні бар ойындар топтамасы берілген. Әдістемелік жинақ мектепке дейінгі ұйымдардың білім үдерісінде қолдану үшін ұсынылады.
-
«Оқыту тәсілдерін қашықтан оқу жағдайына бейімдеу» Әдіст. жинақ. / Құраст. Мулдағалиева Р. Орал, 2021. – 48 б.
Әдістемелік жинаққа қашықтан оқу жағдайында оқу процесін ұйымдастыру және қазақ тілі сабақтарында жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде белсенді оқытуды қалыптастыратын қашықтық құралдарын қолдану туралы нұсқаулар енгізілді. Әдістемелік жинақ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне ұсынылады.