-
Көптілді білім беру жағдайында ана тілін оқытуды жетілдіру
Жинаққа конференцияға қатысушылардың ұлттық тілде оқытатын мектептерде ана тілін оқытуды жетілдіру, көптілді білім беру саласындағы озық идеяларды іске асыру жолдары, көп мәдениетті және көп тілді білім беру мәселелері қарастырылған ғылыми-әдістемелік баяндамалары, сөйлеген сөздері мен мақалалары енген. Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған.
-
Реакция жылдамдығы мен тепе-теңдік
Бағдарламаның мазмұны оқушыларды тепе-теңдік тұрақтысын есептеу (құрамдық коэффициенттер мен концентрациялардан), тепе-теңдіктің өзгеруіне әсер ететін сыртқы факторларды анықтау, Ле-Шателье принципін пайдалану арқылы реакция бағытын анықтау сияқты есептеу тапсырмаларын қамтиды. Химиялық реакция жылдамдығы, оған әсер ететін факторлар, тепе-теңдік секілді материалдармен таныстырып, олардың теңдеулерін жазу, сипаттамаларын білу, химиялық реакциялардың өту шарттары мен механизмдерін түсіндіруді көздейді.