-
Хабаршы 2022-№1-журнал
«Хабаршы Вестник» республикалық ғылыми – әдістемелік журнал. Журналға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2013 жылы мамырдың 30-да тіркеліп, №13648-Ж куәлігі берілген.Журналға педагогикалық ғылыми – әдістемелік бағыттағы мақалалар жарияланады. Мақалалар негізінен «Ұлт мақтанышы», «Кәсіби біліктілік», «Мектепке дейінгі білім беру», «Педагогтік зерттеулер», «Оқыту технологиялары», «Әдістемелік қоржынға», «Сабақ жоспарлары, сценарийлер» т.б. айдарлары бойынша топтастырылып, жарияланды.
-
«Ақпараттық-коммуникациялық кеңістік және адам: педагогикалық аспект»тақырыбындағы облыстық конференция материалдары
Бұл жинаққа «Ақпараттық-коммуникациялық кеңістік және адам: педагогикалық аспект» тақырыбындағы облыстық конференцияға қатысушылардың баяндамалары енгізілді. Баяндамалар мектепте бірыңғай білім беру кеңістігін ұйымдастыруды және цифрлық технологияларды қолдану саласында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында білім алушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін сандық құралдарды пайдалану, мектепте бірыңғай білім беру кеңістігін ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктері мен бағыттары жүзеге асыру тәжірибесін жетілдіру мәселелерін қамтиды.