-
Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект: даму мен прогресс формуласы
Жинақта білім беру жүйесін цифрландыру, жасанды интеллектті оқыту үдерісіне енгізу, үздіксіз білім беруді қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері мен құралдары, халықаралық ынтымақтастық пен цифрлық интеграцияның болашағы секілді бағыттар қарастырылады. Жинақ педагогтерге, оқытушыларға, ғылым саласындағы қызметкерлерге, пән мұғалімдеріне, ЖОО студенттеріне арналған.


