-
Бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары Қазақ тілі (оқытуы орыс тілінде) 2-сынып
Тапсырмалар жинағында бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Тапсырмалар жинағы қазақ тілі мұғалімдеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
-
АҚАН СЕРІ ҚОРАМСАҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Элективті курс бағдарламасында Ақан сері Қорамсаұлының шығармашылығын оқытудың күтілетін нәтижелері мен мақсаттары қарастырылады. Білім алушыларға қазақ әдебиетінің көрнекті ақынның шығармаларымен танысып, Ақан сері жайлы қосымша естеліктер арқылы тың мәліметтер алады.
Курс бағдарламасы арқылы өлеңдердің кейіпкерлері мен оқиғалары арқылы қосымша деректерді зерттеп, «Ақан серінің шығармашылық мұрасы» атты өлеңдер жинағын құрастырып шығарады. Оқушылар Ақан сері шығармашылығын насихаттау мақсатында ғылыми жоба жұмыстарын жазып, өздерінің зерттеулерін таныстырады.


