-
Химиялық өзгеріс құпиялары
Аталған курс 36 сағатқа есептелген. Ол оқушылардың білімдерін кеңейтуге, қызығушылығын, ізденімпаздығын, интеллектуалдық белсенділігін, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Химияны білу – бұл сабақтар мен оқулықтарда баяндалатын фактілер мен теорияларды білу ғана емес, оқулықта берілген ақпараттарға сүйене отырып, қоршаған өмірдегі заттармен болатын химиялық құбылыстарды түсіндіре білу, айтылғандарды жеке жүзеге асыруға ұмтылу. Сондықтан бұл курс оқушылардың табиғат сырларын өз бетінше ашуға талпынуға жҽне пәнге деген қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді.
-
Қазақ тілі бойынша сөз таптарына арналған грамматикалық тапсырмалар
Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды жаттайды) жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Осы орайда, жаттығу арқылы балалардың алған білімдерін нығайтып, бекіту үшін сөз таптары бойынша жаттығулар мен жеке тапсырмалар берілген.