-
Сандық есептер шығару
Авторлық бағдарлама 8-11 сынып оқушыларының химиядан алған теориялық білімдерін одан әрі дамытып, практикалық есептер шығару дағдысын қалыптастыруға арналған. Бағдарлама химия пәнінің оқулығының тараулары бойынша негізделген, тақырып бойынша есептер, есептердің шығарылу жолдары, оқушыларға қажетті өзіндік жұмыстар берілген.
-
Химия және экология
Қолданбалы курс бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептердің химия пәні мұғалімдеріне бағдарлы сыныптарға көмекші құрал ретінде ұсынылды. Бағдарламаның мақсаты: оқушылардың қоршаған ортаның ластану мәселерін шешуде белсендіктерін арттыру. Экологиялық мәселелерді шешуде химия пәнінің қосар үлесі мол, сондықтан курсқа «Маңызды s-, p-, d- элементтер және олардың қосылыстарының биосферадағы маңызы», «Оттегі», «Су. Ерітінділер», «Қоршаған ортаны қорғау» тараулары бойынша бейорганикалық және органикалық химиядан экологиялық бағыттағы есептер енгізілді. Есептер негізінен жалпы білім беретін мектептің білімдері В, С деңгейдегі оқушыларына арналған.