-
Микробиология және биотехнология
Курстың негізгі мақсаты – оқушылардың микробиология және биотехнология саласындағы білімдерін тереңдету және олардың практикалық дағдыларын дамыту, осы ғылымдардың тұрмыстық, өнеркәсіптік маңызын түсіндіру. Бағдарлама оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіруге, ғылыми жобалар орындауға және биологияны өмірмен байланыстыруға бағытталған. Курс барысында оқушылар пробиотиктер, ашыту процестері, антибиотиктер және биотехнологияның медицина, экология және тамақ өнеркәсібіндегі маңызын зерттейді.
-
Органикалық және бейорганикалық қосылыстар
Бағдарлама оқушылардың химиялық білімін тереңдетуге және заттардың құрылымы мен қасиеттері туралы түсінігін қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламада органикалық және бейорганикалық қосылыстардың құрамы, химиялық байланыстары, қасиеттері мен қолданылу аясы қарастырылады.
Курс барысында оқушылар тәжірибелік жұмыстар арқылы химиялық реакцияларды бақылап, талдау жүргізуді үйренеді. Бағдарлама оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға, сыни ойлау қабілетін арттыруға және химияның өмірмен байланысын түсіндіруге бағытталған.