-
Хабаршы Вестник 2018-№1-журнал
«Хабаршы Вестник» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. Журналға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2013 жылы мамырдың 30-да тіркеліп, №13648-Ж куәлігі берілген.
Журналға педагогикалық ғылыми-әдістемелік бағыттағы мақалалар жарияланады. Мақалалар негізінен «Ұлт мақтанышы», «Кәсіби біліктілік», «Мектепке дейінгі білім беру», «Педагогтік зерттеулер», «Оқыту технологиялары», «Әдістемелік қоржынға», «Сабақ жоспарлары, сценарийлер» т.б. айдарлары бойынша топтастырылып, жарияланды. -
Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу
Кейсте мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету үшін жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан алдын алу, қауіп-қатерді болдырмау, қауіпті сәттерден сақтануына қатысты іс-тәжірибелер жинақталған. Қазіргі жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық жағдаяттары көптеп кездеседі. Осы жағдаяттардан шығудың және мектепте қауіпсіз білім беру ортасын құру мақсатында алдын-алудың негізгі теориялық және тәжірибелік бағыттары қамтылған. Теориялық бөлімде зорлық-зомбылықтың әр түрлі түрлерімен салдарына нақты түсініктемелерді берілсе, тәжірибелік бөлімінде жасөспірімдер арасында кездесетін зорлық–зомбылықтың жағдаяттарынан шығудың псиодиагностикалық, психокоррекциялық, психопрофилактикалық әдіс-тәсілдермен іс-шаралар жүйесін
ұсынған.