«Биология пәнінен функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар жинағы» атты әдістемелік көмекші құралда 8-сынып оқушыларының биология пәні бойынша функционалдық сауаттылығын дамытуға ерекше назар аударылады. Құралдағы тапсырмалар оқушылардың теориялық білімдерін күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдыларын қалыптастыруға, сыни тұрғыдан ойлауын, талдау және зерттеушілік құзыреттіліктерін жетілдіруге бағытталған.
Бұл әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердің биология пәні мұғалімдеріне, әдіскерлерге және 8-сынып оқушыларына арналған.











