Тажибаев Б.Т. Дуйсенбаева С.А. Кубирбаева Ж.К. «Информатика пәнінен функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар жинағы»: Орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған әдістемелік құрал.- Ақтау, 2026.- 54 б.

Бұл құрал жалпы білім беретін мектептердің информатика пәні мұғалімдеріне және 5–9 сынып оқушыларына арналған.

«Информатика пәнінен функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар жинағы» атты әдістемелік көмекші құралда 5–9 сынып оқушыларының информатика пәні бойынша функционалдық сауаттылығын дамытуға, теориялық білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдыларын қалыптастыруға, сыни ойлауын, алгоритмдік ойлауын және цифрлық құзыреттіліктерін жетілдіруге ерекше назар аударылады.