«Бастауыш білім берудегі заманауи тәсілдер: функционалдық сауаттылық, зерттеушілік дағдылар және цифрлық құралдар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияның мақсаты – бастауыш білім берудегі өзекті мәселелерді талқылау, педагогтердің озық тәжірибесін тарату және заманауи оқыту тәсілдерін насихаттау.
Конференция аясында функционалдық сауаттылықты дамыту, зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті оқу үдерісіне тиімді кіріктіру мәселелері қарастырылады.











