-
Тарих және жаһандану: жаңа талаптар мен мүмкіндіктер
Бағдарлама тарихи оқиғаларды және жаһандану үрдістерін зерттеуге бағытталған. Қазіргі заманғы әлемдегі тарихи процестерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және оның қатысушыларына жаһандану мен тарихтың өзара байланысын түсінуге арналған теориялық және практикалық білім береді. Курс соңында қатысушылар жаһандану мен тарихтың өзара байланысын толыққанды түсініп, әлемдік тарихтағы маңызды оқиғалар мен үрдістерді сараптай алады, заманауи жаһандық мәселелерді тарихи контексте талдай алады, тарихи әдістемелерді заманауи тұрғыда қолдануға дайын болады.
-
Бауыржан Момышұлы – түркі әскери әдебиетінің негізін салушы
Авторлық бағдарлама орыс тілі мен әдебиеті курсының бөлімдері бойынша оқушылардың білімдерін жүйелеп, тереңдетуге мүмкіндік береді. Авторлық бағдарлама оқушыларға Бауыржан сынды ұлы тұлға жайлы жан-жақты әрі терең мағлұмат беріп, таныстыруға мүмкіндік туғызады. Бұл курс Б.Момышұлының қайсар қолбасшы, қашанда тек шындықты айтатын белсенді азамат, жазушы, аудармашы және т.б. бейнесін жан-жақты ашады. Курс бағдарламасын зерделеуде Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті сияқты басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.