-
Реакция жылдамдығы мен тепе-теңдік
Бағдарламаның мазмұны оқушыларды тепе-теңдік тұрақтысын есептеу (құрамдық коэффициенттер мен концентрациялардан), тепе-теңдіктің өзгеруіне әсер ететін сыртқы факторларды анықтау, Ле-Шателье принципін пайдалану арқылы реакция бағытын анықтау сияқты есептеу тапсырмаларын қамтиды. Химиялық реакция жылдамдығы, оған әсер ететін факторлар, тепе-теңдік секілді материалдармен таныстырып, олардың теңдеулерін жазу, сипаттамаларын білу, химиялық реакциялардың өту шарттары мен механизмдерін түсіндіруді көздейді.
-
Қазақстанның Жаңа заман тарихы: XVIII ғасырдан XX ғасырдың басына дейін
Бағдарлама қазақ жеріндегі XVIII ғасырдағы саяси жағдайлардан бастап, XX ғасырдың басындағы Қазақстанда болған негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді қамтиды. Бағдарлама Қазақстанның сол кезеңдегі тарихи дамуын, күрделі саяси, әлеуметтік, экономикалық оқиғаларын түсініп, сараптай алатын білім береді.