-
Музыка пəнінен жаңа бағыттар бойынша сабақ беру тəсілдері
Бұл əдістемелік құралда Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Музыка» пəні бойынша білім беретін педагогтарға арналған бағдарламасын басшылыққа алып оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары, оқу жоспарлары, тиімді оқыту жəне оқу, белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі, оқушыларды уəждеу тəсілдері көрсетілген. Музыка сабағында критериалды бағалауды қолдану, оқушыларды бағалауда қолданылатын əдіс-тəсілдер, оқытуды саралау, жаттығу жұмыстары, ықшам сабақтар берілген.
-
Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудағы тілдік дағдыларды дамытуға арналған стратегиялар
Әдістемелік көмекші құралда қазақ тілі менәдебиеті пәндерінде тілдік дағдыларды қалай және тапсырмаларды қандай стратегиямен іске асыруға болатындығы жөнінде айтылған. Бұл әдістемелік көмекші құрал педагог қызметкерлердің біліктілікті арттыру курстары мен орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне, әдіскерлерге арналып жасақталған. Сабақта пайдалана алуға тиiмді.