-
Сандық есептер шығару
Авторлық бағдарлама 8-11 сынып оқушыларының химиядан алған теориялық білімдерін одан әрі дамытып, практикалық есептер шығару дағдысын қалыптастыруға арналған. Бағдарлама химия пәнінің оқулығының тараулары бойынша негізделген, тақырып бойынша есептер, есептердің шығарылу жолдары, оқушыларға қажетті өзіндік жұмыстар берілген.
-
STEAM – әлемдік білім беру трендін тиімді пайдалану
Авторлық бағдарлама химия сабағында пәнаралық байланысты дамыта отырып, STEAM- технологияларын оқу процесінде қолдану арқылы білім алушылардың «Химия» пәніне қызығушылығын арттыруды көздейді. STEAM- технологияларды химия пәнінде белгілі бір құбылыстар мен тұжырымдамаларды әртүрлі фокустардан зерделеуде қолдану қарастырылған.