-
Химия және өмір
Бағдарлама оқушыларға химия пәнінің негізгі курсын толық және табысты меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушылардың қоршаған ортада болып жатқан химиялық процестердің ерекшеліктеріне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
«Химия және өмір» үйірмесі күнделікті өмірде қолданылып жүрген заттармен танысып, қолдану ережелерін біліп, іске асыру болып табылады. Құрастырылып отырған үйірме бағдарламасы тұрмыстық негіздегі тақырыптарды тереңдете меңгерте отырып, химиялық заттарды дұрыс пайдалану жолдарын үйретуге негізделген.