-
Органикалық және бейорганикалық қосылыстар
Бағдарлама оқушылардың химиялық білімін тереңдетуге және заттардың құрылымы мен қасиеттері туралы түсінігін қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламада органикалық және бейорганикалық қосылыстардың құрамы, химиялық байланыстары, қасиеттері мен қолданылу аясы қарастырылады.
Курс барысында оқушылар тәжірибелік жұмыстар арқылы химиялық реакцияларды бақылап, талдау жүргізуді үйренеді. Бағдарлама оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға, сыни ойлау қабілетін арттыруға және химияның өмірмен байланысын түсіндіруге бағытталған.
-
Көміртек қосылыстарының химиясы – қарапайымнан күрделіге
Авторлық бағдарламада органикалық химия қосылыстары арасындағы генетикалық байланыс туралы, органикалық реакциялардың түрлері, қаныққан, қанықпаған көмірсутектердің химиялық қасиеттері, ароматты көмірсутектердің химиялық қасиеттері, бензол, оттекті органикалық қосылыстар, қаныққан біратомды спирттердің химиялық қасиеттері, фенолдың химиялық реакциясы, альдегидтер мен кетондардың, күрделі эфирлердің, аминдердің, көмірсулардың химиялық қасиеттері және сызбанұсқа бойынша өзгерістерді жүзеге асыру туралы материалдар берілген. Соңында есептердің шығару үлгісі келтірілген.


