-
ТАҢҒАЖАЙЫП КУБИК: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛ
Бұл әдістемелік ұсынымда бастауыш сыныптағы қазақ тілі мен математика пәндерінде білім алушылардың оқу белсенділігі және пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған «Таңғажайып кубик» дидактикалық құралдың мазмұны мен қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар беріледі. Әдістемелік ұсынымдар педагогтерге оқыту процесінде ойын технологиясының элементтері негізінде білім алушының функционалдық сауаттылығын, сыни және логикалық ойлау қабілетін, коммуникативтік дағдысын дамытуға ықпал етеді.
Практикалық тұрғыдан ұсынылып отырған кубик білім алушының танымдық әрекетін белсендіре отырып, қазақ тіліндегі тілдік нормаларды меңгеруге және математикалық амал-тәсілдерді қолдануға бағытталған тапсырмалар және ережелермен толықтырылған.
-
Балалардың сөйлеу тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану
Әдістемелік нұсқаулық мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу және есте сақтаудың барлық түрлерін дамытуға арналған, сондай-ақ, мнемотехника, мнемотехника әдісін кәсіби қызметте қолдану жолдары, мнемокестелермен жұмыс істеудің тиімділігі қарастырылған.


