Көрсетілген ресурстар саны 37–38 .Барлығы 372

  • Математика және логика

    «Математика және логика» авторлық бағдарламасы 36 сағаттық күнтізбелік
    тақырыптық жоспардан тұрады. Бағдарлама тақырыптары оқушылардың жас ерекшелігін
    ескере отырып жасалған. Авторлық бағдарламаның мақсаты оқушылардың математика
    пәніне деген білім мен дағдысын тереңдетуге, сандардың сырын ашуға, логикалық
    есептердің мәнін түсініп, шығарылу жолын үйренуге, пәнге деген қызығушылығын
    арттыруға, математикадан алған білімдерін өмірде қолдана алу дағдыларын қалыптастыруға,
    адамгершілік құндылықтарды оқушы бойына сіңіруге бағытталған. Авторлық жұмыста
    оқушылар сандар әлемімен толық танысып, сыни тұрғыдан ойлауды қарастыруға болатын
    тапсырмаларды орындау дағдысы қалыптасып, метатанымы дамиды, математикадан терең
    білім алуға мүмкіндік алады.

  • Генетикалық анализ негіздері

    10-сыныпқа арналған «Генетикалық анализ негіздері» тақырыбындағы бұл бағдарлама
    теориялық материалды кеңейтілген блоктар бойынша тереңдетіп оқытуды негізге алады.
    Бағдарлама мазмұны емтиханға, ҰБТ-ға тыңғылықты дайындалғысы келетін
    жалпы білім беретін сынып оқушыларына арналған. Оқып-үйренуде жалпы орта білім
    беретін мектеп бағдарламасынан тыс жоғары деңгейдегі міндеттер жүзеге асырылады.
    Бҧл тараулардың тақырыптарын өту барысында оқушылар жалпы мектеп
    бағдарламасында қамтылмайтын (алайда ҰБТда кездесетін кейбір есептерді шығаруға
    септігін тигізетін) жоғары математиканың көптеген негізгі ұғымдарымен, кейбір әдіс
    тәсілдерімен танысады.